Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының бірқатар ауылдарына электр энергиясы берілді

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою бойынша іс-шаралар жалғасуда,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«19 сәуір күні сағат 21:30-дағы жағдай бойынша Жайық өзенінің деңгейі тәулігіне 4 см-ге төмендеді. Қайыңды гидрологиялық бекетінде Үлкен Өзен өзенінің су деңгейі 22 см-ге төмендеді, су өткізу апатсыз жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысының барлық шағын өзендерінде су деңгейінің төмендегендігі байқалады», - делінген ведомство ақпаратында.

Өткен тәулікте Зеленов ауданының Жамбыл, Октябрь, Зеленое, Плодоовощной, Тасқала ауданының Жұмалы елді мекендеріне электр энергиясы берілді. Облыста әлі де жарық берілмеген 657 үй бар, оның 569-ы - Орал қаласында.

Су тасқынының салдарын жоюға төтенше жағдайлар саласының жеке құрамынан 258 адам жұмылдырылған. Олар өз міндеттерін 42 қайық, 53 техника мен 1 АН -30 ұшағы және ттенше жағдайлар саласының 2 тікұшағымен жүзеге асыруда. Сондай-ақ бұл жұмыстарға 995 адам мен 245 коммуналдық қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың және өзге де бірқатар құрылымдардың техникалары қатыстырылуда.

Соңғы жаңалықтар