11:57, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға қытайлық компания да қолұшын созды
ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақтөбе және Атырау қаласында өкілдіктері бар қытайлық «Фазан Қырақ» мұнай барлау компаниясы су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға қолұшын созды.
23 сәуір күні түсқайта Оралға Атыраудан тіркемесі бар «КамАЗ» автокөлігі келіп жетті. Көршілер екі мың бес литрлік су, 50 палатка, арнайы киім және аяқкиім алып келген. Көрсетілген жәрдем мөлшері 1 млн. теңгеден асады. Гуманитарлық көмекті студенттер мен «Ашық қоғам» облыстық қоғамдық бірлестігі өкілдері қарсылап, түсіріп алды.