Су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш, Ақтоған және Егінсу ауылдарының тұрғындарына астық тарату аяқталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш, Ақтоған және Егінсу ауылдарының тұрғындарына астық тарату аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Еске сала кетейік, облыс әкімі Серік Үмбетов су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын жайларын ғана жөндеп бермей, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуді алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі еткен.

- Адамдардың өз үйлерінде қысқа азық қорысыз отыруына жол бермеу керек. Ол үшін біз бірлесе отырып, егін егуді жүзеге асырып, күзде жиналған астықты ауылдықтар арасында тең бөліп беруіміз керек, - деп атап өткен әкім, осы бағытта барлық қажетті шараларды жүзеге асыруды қатаң тапсырды.

Осы мақсатта сәуір айының орта шенінде Қызылағаш ауылына жақын орналасқан жерлерде бидай мен арпа егу жұмыстары басталды.

Егін науқаны үшін облыстың барлық аудандары есебінен 140 тонна дәнді дақылдар тұқымы, арам шөптерге қарсы 85 литр гербицид, сонымен қатар 31 тонна жанар-жағармай бөлінді. Егін егу жұмыстарына 30 бірлік техника мен 57 адам тартылды.

Соңғы жаңалықтар