Су тасқынынан зардап шеккендер қорына қаржы аудару жалғасуда - БҚО
БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінен хабарлағанындай, мекеме қызметкерлері 300 мың теңге көлемінде екі күндік жалақыларын берді. Бір күндік жалақы тасқын судан зардап шеккендер қорына аударылса, қалған жартысы табиғи апатқа ұшыраған ұжым қызметкерлері Қ.Макаров пен А.Сүндетованың отбасыларына берілді. Сонымен қатар мекеме киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған және басқа заттарды жинап, тапсырды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен Равиль Мәжитовтің хабарлағанындай, өңірдегі прокуратура органдары қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Сонымен қатар тасқын судан зардап шеккен 7 қызметкердің отбасына көмек көрсетілуде.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш бастаманы БҚО сот жүйесі қызметкерлері де қызу қолдады. Облыс көлемінде сот қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударуда.