Су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы қорға қаржы түсу жалғасуда

ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы қорға қаржы түсу жалғасуда.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 22 сәуір күнгі ақпар бойынша су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтар үшін ашылған қайырымдылық қоры­на 315 миллион теңге түс­кен. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстанның облыстары мен қалаларынан табиғат апатынан жапа шеккен батысқазақ­стан­дықтар үшін 10 миллиард 70 миллион теңге аударылған.

Соңғы жаңалықтар