Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған есепшот ашылды
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұрын-соңды болмаған су тасқыны салдарынан БҚО-да 1500-дей тұрғын үйді, 7200 саяжай үйлерін, 21 мектеп, 10 балабақша, 8 денсаулық сақтау және 5 мәдени-көпшілік нысанын, сондақ-ақ өндіріс орындарын су басқан.
Тек билік органдарының дер кезінде қабылдаған шұғыл ұйымдастырушылық шараларының арқасында 6131 тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді, оның ішінде 1582-сі - балалар. 1028 адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.
Су тасқыны бірнеше бөгеттерді, республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдарды бұзып, телефон және электр желілері мен стансаларын істен шығарды.
Мыңдаған адам мүлкінен, мал-құсынан айырылды. Шығын мөлшерін анықтау жөніндегі комиссиялар өз жұмыстарын жүргізуде.
Осы жағдайға байланысты «Ақжайық» жеке қорынан су тасқыны зардаптарын жою мақсатында қаражат жинаумен айналысатын банктік есеп-шот ашылды.
«Ақжайық» жеке қоры
РНН 270100218807
БИН 030540003364
ИИК KZ276010181000145685
БИК HSBKKZKX
АО «Народный банк Казахстана»
Кбе-18