Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде БҚО әкімдігі республика тұрғындарына үндеу қабылдады

Л. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде БҚО әкімдігі республика тұрғындарына үндеу қабылдады.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс орталығында 1300-ден астам тұрғын үй, 3500-ден астам саяжай құрылысы, Орал қаласы мен аудандарда 5 денсаулық сақтау нысаны, 14 электр қосалқы стансасы, 21 мектеп суға кеткен. 6 мыңнан астам адам көшірілген.

Республикалық маңызы бар жолдың 8, жергілікті жолдың 48 бөлігін су шайған. Кейбір жерлерде жол қатынасы тоқтаған.

Қазіргі кезде табиғи апаттардың зардабын жою жолында шұғыл шаралар алынуда. Су тасқыны облыс экономикасы мен қала-елді мекендерге елеулі шығын келтірді.

БҚО әкімдігі республиканың барлық тұрғындарынан, ұлттық компаниялар, мемлекеттік және жеке құрылымдар басшыларынан Батыс Қазақстан облысына материалдық және гуманитарлық көмек көрсетуді өтінеді.

Қаржыны мына есепшотқа аударуға болады:

Бенифициар: «ГУ Управление по мобилизационной подготовке, гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации аварий и стихийных бедствий Западно-Казахстанской области»

РНН: 270100226038

Банк бенифициара : ГУ «Комитет Казначейства Министерства финансов РК» г.Астана.

ИИК: KZ520704022502001001

БИК Банка : ККМFKZ2A

БИН:050140004153

Код ГУ: 2502001

Кбе : 12

КНП: 119

Соңғы жаңалықтар