Су тасқынынан зардап шеккендерге Орал қалалық мәслихаты депутаттары да қолұшын созды

ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынынан зардап шеккендерге Орал қалалық мәслихаты депутаттары да қолұшын созды.
None
None

Әсіресе, қалалық мәслихат депутаты Аветик Амирханян басқаратын «Айдана» ЖШС, ондағы «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымы ерекше белсенділік көрсетті. Жедел түрде 40-тай адам «Ани Плаза» қонақүй кешеніне орналастырылды. Кәсіпорын қызметкерлерінің бір күндік жалақысы зардап шеккендер қорына аударылды. Сондай-ақ киім-кешек, азық-түлік, ыстық тамақтан да көмек көрсетілді.

Басқа да халық қалаулылары жерлестерінің басына түскен қиындықтан шет қалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар