Су үнемдеу технологиялары бар егіс алқаптары 800 мың гектарға жеткізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл су үнемдеу технологиялары бар егіс алқаптары 300 мың гектарға дейін жеткізіледі. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Көкөніске қатысты жалпы өнімін арттырудың негізгі факторларының бірі - суармалы жерлерді айналымға енгізу. Бұл жұмыс Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүргізіледі. Қазіргі кезде су үнемдеу технологиялары енгізілген аудандар көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде су мен қоректік заттарды нақты беру арқылы өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Жыл сайынғы өсімге инвестициялық субсидиялау ықпал етіп отыр, оның аясында фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ су алу және беру үшін барлық қажет инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50 пайызы өтеліп жатыр», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, 2022 жылы су үнемдеу технологиялары қолданылатын жерлер 21 мың гектарға өсті.

«Биыл су үнемдеу технологиялары бар мұндай жерлердің аумағын 300 мың гектарға дейін жеткізу ескерілген, ал 2030 жылға қарай суармалы алқаптар 750 мың гектарға дейін жеткізіледі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көкөніс сақтау қоймаларын салатындарды ынталандыру тетіктері күшейтілмек.

Сонымен қатар, жылыжайлардағы электр энергиясы мен газ шығындарына субсидия бөлінбек.

Айта кетейік, былтыр 1,4 млн гектер суармалы алқаптың 286 мың гектарында ғана заманауи технология пайдаланылып жатқаны мәлім болды.


Соңғы жаңалықтар