11:14, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Сүттіқұдық ауылына таза ауызсу келді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылының тұрғындары таза ауызсумен қамтамасыз етілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл мақсатқа «Жол картасы» бағдарламасы аясында қазына қоржынынан 58,3 млн. теңге бөлінген еді. Бүгінгі таңда елді мекенге 3,7 шақырым су жүйесі тартылып, бас қойма қайта жаңғыртылды. Мердігер «КонсалтингСервис» ЖШС жыл аяғына дейін тағы да 4,67 шақырым су жүйесін іске қосуды межелеуде.