«Светоч» балалар үйі мерекелік сыйлықтар алды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мен «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Мұхтар Ерман Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Малотимофеев ауылындағы «Светоч» балалар үйінде болды деп,
None
None
хабарлайды ҚазАқпарат. Қонақтар балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұрмыс жағдайымен танысты, балалардың қолымен әзірлеген ас мәзірінен дәм ауыз тиді және де оларды ? Балалар күні мерекесімен құттықтады. Г.Әбдіқалықова тәрбиеленушілерге зор денсаулық тілей отырып, еліміздің ертеңгі күні солардың қолында екендігін атап өтті. «Ең зор байлық ? отбасылық тәрбие, білім алу және шығармашылық еңбек сендерге жұғысты болсын! Қымбатты балалар, сендерді мерекелеріңмен құттықтаймын», - деді М.Ерман, бүлдіршіндерге арнаған сөзінде. Тәрбиеленушілерге суреттер мен спорт құралдары табыс етілді.Балалар үйінің директоры ? бүлдіршіндердің анасы Лилия Соловьеваға осыдан 10 жыл бұрын Астанадағы шағын пәтерінде тұрып жатқан кезде жетім балаларды қамқорлыққа алу, оларды тәрбиелеу туралы ой келіпті. Көп ұзамай алға қойған жоспарын жүзеге асырған үлкен жүректі ананың аялы алақанында бүгінгі күні 7 жастан 20 жасқа дейінгі аралықтағы 34 бала отбасылық үлгіде тәрбиеленіп жатыр.«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ демеушілік қолдауының, жеке тұлғалардың қайрымдылық жарнасының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер тарапынан жасалған көмек арқасында «Светоч» Малотимофеев ауылынан екі қабатты жаңа үй алды. Онда асхана, аудитория, спорт зал, жатын бөлмелер, дәрігерлік бөлме мен оқу шеберхана бәрі де ойластырылған, аулада егін салатын бақша, тіпті өздерінің жеке омартасы да бар. Осы үйдің тәрбиеленушілерінің алды барлық балалар секілді мектепке барса, үлкендері колледжде оқиды. Бос уақытта балалар сурет салып, музыкада ойнауды, басқа да өмірде қажет болатын кәсіп түрлерінің қыры мен сырын игеруді үйреніп жатыр. Бүгінгі күні балалар үйінің екі тәрбиеленушісі ЖОО-ны үздік бітіріп, мемлекеттік мекемелерге қызметке шақыру алған. Балалардың анасы айтқандай, ата-ананың аялы алақаны мен қолдауына мұқтаж болған бүлдіршіндердің барлығына да үйдің есегі қашанда ашық.
Соңғы жаңалықтар