11:49, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
Сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижесінде бюджетке 12 814 380 теңге қайтарылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілген тексеру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 12 814 380 теңге қайтарылды.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Ербол Сейітжановтың айтуынша, 2013 жылдың 3 айында облыстың прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілген 38 тексерудің нәтижесінде 115 заң бұзушылықты анықтады. Заңсыз актінің күшін жою туралы 5 наразылық келтіріліп, олар толығымен қанағаттандырылды. Сондай-ақ 22 актінің күші жойылса, 10 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.