Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік және құқық қорғау органдары бірлесе жұмыстануы қажет

ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік және құқық қорғау органдары бірлесе жұмыстануы қажет.
None
None

Бұл туралы облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ғимаратында желтоқсанның 28-інде өткізілген семинарда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс прокурорының орынбасары Әспенби Жарылғасовтың айтуынша, биыл заңсыз берілген 110 гектардан аса жер телімі кейін қайтарылса, бюджет қаражатынан 160 млн. теңгені жымқыру фактілері анықталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері БҚО-дағы тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Мирболат Нұртазиннің мәлім еткеніндей, биыл 72 мемлекеттік қызметгі тәртіптік жазаға тартылды. Бұл арада бір ескеретін жайт, мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік кеңес алдына келмес бұрын өздері туралы материалмен танысып алғаны жөн.

Соңғы жаңалықтар