Сыр бойында кенелерге қарсы шаралар қолға алынып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Конго-Қырым қанды безгегінің ошағы болып саналатын кенелердің оянатын шағы келуіне орай Қызылорда облысында осы қауіпті жәндікті залалсыздандыруға байланысты жұмыстар қолға алына бастады.
None
None

Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім бастығы Мира Боранбаеваның айтуынша, қазіргі күндері малдар мен олардың қораларын өңдеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Қауіпті жұқпалы кеселді таратушы жәндікпен күреске санитарлық қызметтің барлық резервтері түгел қосылған. Құрамында эпидемиолог, зоолог, энтомолог секілді басқа қажетті мамандар бар аранйы бригадалар кененің көбірек бой көрсететін Шиелі, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы маңындағы елді мекендерге аттанды. Олар ауру ошағымен шекаралас елді мекендерде алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Аталмыш дертпен күреске бөлінетін қаржының көлемі де артып келеді. Егер осыдан 5-6 жыл бұрын бұл мақсатқа 5 млн. теңге қаржы бөлінсе, былтыр оның көлемі 20 миллион теңгеге жетті. Ал биыл жергілікті бюджет 50 млн. теңге қарастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум