Сыр бойында өңдеу өнеркәсібін дамытудың жаңа қадамдары жасалып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордадағы «Даму» қоры өңдеу өнеркәсібі секторындағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы лизингтік келісімдерді қаржыландыруды табысты жүзеге асырып келеді.
None
None

Кәсіпкерліктің экономикадағы белсенділігін арттыратын бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даму» қорымен қатар «Лизинг Групп», «Темір­лизинг» және «BTA ORІX ЛИЗИНГ» акционерлік қоғамдары тартылып отыр. Қор мен акционерлік қоғамдар арасында несиелік желі жөніндегі келісімге сәйкес «Лизинг Групп» - 505, ал «Темірлизинг» 479,8 млн. теңге бөлді.

Бірақ қазір екінші траншы игеріліп жатқан бұл қаржыға қол жеткізудің өз талаптары бар. Бағдарламаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жаңа жобалары ғана қаржылан­дырылады. Тағы бір талап - жоба тамақ өнеркәсібі, сусын, тоқыма, былғары және оған ұқсас өнімдерді,көлік құралдарын, фармацевтикалық өнімдерді шығару, химиялық өнеркәсіпті дамыту секілді 20 салаға бағытталады. Сонымен қатар, лизингтік бағасына қарай негізгі қарызды төлеуге 24 айға дейін жеңілдік мерзімі қарастырылған. Келісімге сәйкес кәсіпкерлерге өз қаражаты есебінен 20 пайыздық алғашқы жарна төлеуге рұқсат беріледі. Лизингтік келісімнің кейбір талаптарын банк­тер мен лизингтік компаниялардың өздері қояды.

Соңғы жаңалықтар