09:37, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Сыр бойындағы бас қалада жылу және су жүйелерін жөндеуге 468 млн. теңге қаржы бөлінді
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазіргі күндері Қызылорда қаласындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қысқа дайындықты қызу жүргізіп жатыр. Кәсіпорын бағдарлама аясында «Ақмешіт» және «Мерей» шағын аудандарында бірнеше орамаралық жылу құбырларын жөндеуде.

Оның жалпы ұзындығы алты шақырымнан асады. Жалпы құны 233565 мың теңге болатын бұл жоба жылу маусымы басталғанша пайдалануға берілмекші.
Дәл осындай жұмыс «Қызылордаоңтүстікжылуорталығы» МКК қарасты жылу жүйелерінде де атқарылуда. Мұндағы жұмыстардың құны 184361 мың теңге болса, жылу жүйесінің ұзындығы жеті шақырымды құрайды. Жалпы, биыл қаладағы жылу және су жүйелерін жөндеуге 468 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілуде.