Сыр бойының балғын балуаны Азия чемпионатынан қола медальмен оралды

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жақында Таиландтың астанасы - Бангкок қаласында өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында біздің еліміздің спортшылары жалпы командалық есепте бірінші орын алды.
None
None

Қазақстандықтар аталмыш бәсекеде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медальге ие болды. Олардың арасында жерлесіміз Нұржан Өмірбеков қола жүлдегер атанды.

Н.Өмірбеков Азия чемпионатында төрт рет белдесті. Алдымен Моңғолия елінен келген қарсыласын қапы қалдырды. Екінші белдесуінде алаң иесі - таиландтық спортшыдан басым түсті. Өкінішке орай, келесі сатыда Ираннан келген балуанға есе жіберіп қойды. Ал 3-ші орын үшін белдесуде өзбек спортшысынан айласын асырып кетті.

Жерлесіміз Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс баһадүр атындағы спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында тәлім алады. Оны жарысқа Еламан Мұратов дайындаған.

Соңғы жаңалықтар