Сыр диқандарына биыл 4,1 млрд. текше метр су керек

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда облысының диқандары 160 мың гектар жерге егін егуді межелеп отыр. Осынша егіс көлеміне 4,1 млрд. текше метр су керек. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев айтты.
None
None

Өткен жылдың күз айларынан бері 11 079 га жер ылғалдандырылып, 60 475 га шабындық пен жайылымдық суғарылды.

Облыста биылғы жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының суару нормалары және суару каналдарының пайдалы әсер коэффицентіне сәйкес, дақылдарды тұрақты суаруға орташа 4,0-4,1 млрд. текше метр су қажет. Қазіргі таңда қырғыз ағайындардың Тоқтағұл су қоймасында 8 млрд. текше метр су бар. Төмен қарай секундына 484 текше метр су босатылуда. Шардара су қоймасында жиналған су көлемі 4,1 млрд, Көксарай су реттегішінде 3,0 млрд. текшеметрді құрайды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасынан төменге секундына 900 текше метр су тасталуда. Сондай-ақ, биыл Арыс өзенінен секундына 193 текше метр су қосылып жатыр. Бұл жылдағыдан едәуір көп. Қызылорда су торабынан секундына 633 текше метр су өтуде.

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мәліметіне сүйенсек, биылғы су көлемі егіске толықтай жетеді. Айта кетерлігі, аймақтың бірер күнде күріш егуді қолға алмақшы.

Соңғы жаңалықтар