17:29, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Сыр өңірінде инфляция деңгейі қалыпты болып тұр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сыр өңірінде инфляция деңгейі қалыпты деңгейде тұр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аймақтағы инфляция деңгейі орташа республикалық индекстен 0,6 пайызға төмен болып отыр. Тұтыну тауарлары бағаларының негізсіз өсімін болдырмау үшін меморандумдар жасалды. Басқарма басшысы соңғы күндері жанар-жағармай бағасының төмендеу тенденциясы байқалғанын атап өтті. Бұл нәтижеге «Синойл», «Гелиос», «ҚазМұнайГаз» компаниялары мен облыс әкімдігі арасындағы келісімдер арқылы қол жетті.