Сыр өңірінде мал бордақылайтын алаңдар санын көбейтуге бағыт ұсталуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының барлық аудандары мен қалада ірі қара малдарын бордақылайтын алаңдар ұстауға батыл бағыт ұсталып отыр,
None
None

деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақтағы мұндай алаңқайлардың аумағы жылына 200-ден 500 тоннаға дейін ет дайындайтын болады. Сондықтан облыста малды жемдеп, азықтандыру өндірісін жолға қою мәселесіне де айрықша көңіл бөлініп отір. Себебі, сапалы да арзан жемсіз малды ұстаудың өзі тиімсіз болып шығар еді.

Үстіміздегі жылы мал шаруашылығын дамытудың «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыстың асыл тұқымды мал бағатын шаруашылықтары 1130 бас ірі қара малын сатып әкелді. Бұл - жыл басында жоспарғаннан екі есе көп. Жылдың соңғы күндерінде Сырдария ауданындағы Іңкәрдария ауылында мал бордақылау алаңының құрылысы басталып кетті. Алдағы жылы мұндай құрылыстар басқа аудандар да жаппай қолға алынатын болады.

Соңғы жаңалықтар