Сыр өңірінде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жүйесін кеңейтуге көңіл бөлініп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысында мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жүйесін кеңейту бойынша көптеген жұмыстар ат­қа­рылуда,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Үстіміздегі жылдың басынан бері облыста 22 жеке балабақша ашылды. Жыл соңында балабақ­шаларға деген қажеттіліктің 44 па­йызын қамтамасыз ету міндеті тұр. Облыста мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жүйесін кеңейтуде жеке инвестицияны тар­тудың маңызы зор. Әлбетте, барлық проблеманы бір сәтте шешіп тастау мүмкін емес. Қазіргі таңда балабақша кезегінде 8800-ден астам сәби тұр.

Келесі жылы 5 балабақшаның құрылысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, бұрынғы жекешелендіріліп кеткен балабақшалар ғимараттарын комму­налдық меншікке қайтару жөніндегі жұмыстар да жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар