Сыр өңірінде жол жөндеуге баса назар аударылып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпаннның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстық жо­лаушылар көлігі және авто­мобиль жол­дары басқармасының алқа мә­жілісі болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда басқарма бастығы Өмірбек Шә­менов өткен жыл көлемінде ат­қарылған жұмыстарға шолу жа­сап, биылғы жылдың жос­пар­ларына тоқталды.

Есепті кезеңде аймақтағы автомо­биль жолдарының жалпы ұзындығы 2202,5 шақырымға же­тіп, 2008 жыл­мен салыстырғанда 510,5 шақырымға ұзарған. «Қы­зылорда облысының 2006-2012 жылдарға арналған облыс­тық және аудандық, қалалық маңыз­дағы автомобиль жолдарын да­мыту бағдарламасы» аясында жол жөн­деуге 8696,5 млн. теңге бөлінді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 3000,4 млн. теңге 99,1 пайызға игеріліп, 2104 адам жұмыспен қамтылған. Қала ішіндегі көшелерге 4 млрд. теңге бөлініп, 108 көше жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар бірнеше жылдан бері өзекті мәселеге айналған теміржол өткелдерін салу мәселесі былтырғы жылы оң шешімін тап­қан.

Соңғы жаңалықтар