Сыр өңіріндегі ауылда «Бір ел - бір кітап» акциясы болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Үрмәш Түктібаев атындағы ауылдың кітапханасында поэзия кеші өткізілді. «Бір ел - бір кітап» акциясымен болған шара Жұбан Молдағалиевтің жырларын насихаттауға арналды.
None
None

Ақынның шығармашылығына отансүйгіштік сезім, өрлік, ерлік арқау болғаны белгілі. Кеш барысында Жұбанның «Мен қазақпын», «Сел» және тағы басқа да өлеңдерін оқырмандар шабыттана оқыды. Кітапханашы Гүлмира Ниетова ұйымдастырған «Жырымен жүрек тербеген» атты кітап көрмесі көпшілік көңілінен табылды.

Соңғы жаңалықтар