Сыр өңірінен «ЭКСПО-2017» көрмесіне 75 мың адам қатысады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Алдағы жылдың ең айтулы оқиғасы «ЭКСПО-2017» көрмесі екені белгілі. Сыр өңірінен бұл шарға 75 мың адам қатысады деп межеленіп отыр. Бұл туралы облыстық әкімдігіндегі аппарат мәжілісінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл күнде облыс бойынша көрмеге дайындық жұмыстары басталып кеткен. Басқарма басшысының айтуынша, өңір тұрғындарының көрмеге кіру кестесін әзірлеп бекіту, көлікпен қамтамасыз ету, туристер пакетін қалыптастыру, көрменің электрондық билеттерін сату бойынша тағы басқа да  дайындық жұмыстары басталған.

Соңғы жаңалықтар