Сырбойылық кәсіпкерлер салығынан облыстық бюджетке 20,1 млрд. теңге қаржы түседі

Әрине, аймақтағы шағын және орта бизнесті өркендету үшін бұл аздық етеді. Кешегі Жолдауда алдағы жылы шағын және орта кәсіпкерлікті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 млрд. теңге қаралып отырғаны айтылды. Бұл тамақ және химия өнеркәсібінде, машина жасау қызмет көрсету саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жұмсалғалы отыр. Қазіргі күні облыстағы ШОБ субъектілерінің саны 28 мыңға жуықтап қалған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 107 пайызға артық.
Жыл басынан бері өңірде жаңадан 1974 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ашылды. Басқарма басшысы аталған салада нақты кезеңде 83547 адам еңбек етіп жүргеніне тоқталды. Бұл цифр салада нәпақа тауып жүргендер қатарының былтырға қарағанда 17 пайызға артқанын көрсетеді.
Ал, кәсіпкерлік саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері 20,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға өсіпті.