Сырдария ауданында «Ауыл­дың көркеюі - тұрақтылық кепілі» атты семинар өткізілді

ЫЛОРДА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сырдария ауданының Н. Ілиясов атындағы ауылында облыс әкімдігі мен «Абзал және К» толық серіктестігінің ұйымдастыруымен «Ауыл­дың көркеюі - тұрақтылық кепілі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған облыс әкімінің орынбасары Асхат Сүлейменов, барлық ау­дандар мен ауылдық округтер әкімдері, шаруашылықтар бас­шылары қатысты.

Соңғы жылдары Елбасы баста­масымен қолға алынған мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестікті нығайту, бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігін арттыру тұрғы­сындағы оңтайлы істер халықтың тұрмыс-тіршілігінің оңалуына игі ықпал етіп келеді. Кезінде бірнеше жеке шаруа­шылықтарға бөлініп кеткен ауыл­дардың басын біріктіріп, қомақты инвестиция салып, жергілікті тұрғын­дарға жұмыс көзін тауып беріп отырған серіктестіктердің саны жыл өткен сайын артуда.

Семинар-кеңес өткен батыр атындағы ауылға «Абзал және К» толық серіктестігі мен жергілікті бюджеттен салынған инвестиция көлемі 1695,9 млн. теңгеге жеткен. Оның 1270 млн. теңгесі инвестор тарапынан бөлінген. Таратып айтсақ, «Абзал және К» ТС биыл егін шаруа­шылығына 1165 млн. теңге, әлеу­меттік нысандарды күрделі жөндеуге 89,9 млн. теңге, көркейту-көгал­дандыруға 15,1 млн. теңге жұмсаған.

Сырдария ауданының әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаевтің айтуынша,  ауданда «Абзал және К» ТС-нен басқа «Алуан ас», «Шаған-Жер», «Мәді қажы» ЖШС-терінің де ауылдың әлеуметтік жағдайына мол қаржы салып отыр­ғанын айтты. Инвесторлар үздік оқушы­ларға стипендия тағайындауға, жаңа туған нәрестелерге біржолғы жөргек­пұл беруге, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуге ынта танытып келеді. Баяндамашы инвесторлармен тиянақты әрі сенімді байланыс орнатудың артықшылықтарына тоқталды.

Соңғы жаңалықтар