Сырдария ауданында ауызсу жүйесін жетілдіруге бюджеттен 1,9 млрд. теңге ақша қарастырылып отыр - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Сырдария ауданында «Таза су» өңірлік бағдарламасы шеңберінде 2008-2010 жылдары аудан халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр.
None
None

Бұл қаражатқа аудандағы елді мекендердің ауызсу жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу, оларды қайта жаңғырту жұмыстары атқарылады. Қазіргі таңда ауданда осы шараларды жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде 2010 жылы 117,0 млн. теңгеге Тереңөзек кенті ауызсу жүйесін қайта қалпына келтірудің 2-ші кезеңі аяқталып, А.Тоқмағанбетов ауылының ауызсу жүйесі қайта қалпына келтірілді. 2011-2012 жылдары бұдан басқа Ақжарма, О.Мәлібаев, Бесарық, Амангелді ауылдарында ауызсу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар