Сырдария ауданында биыл «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осының арқасында барлығы 811 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 436,8 млн., облыстық бюджеттен 10,5 млн. теңге қаралған. Соның ішінде 6 жобаны қаржыландыруға бөлінген 188,2 млн. теңге облыстық басқармалар арқылы игерілсе, қалған 259,1 млн. теңгеге 7 жоба жүзеге асырылған. Бұл тұрғыдан Іңкәрдария, О.Мәлібаев, С.Сейфуллин ауылдарын және Тереңөзек кентін электр жарығымен қамтамасыз ету, «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автожолының 10 шақырымын, Шаған ауылдық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, «Самара-Шымкент-Жаңадария» автожолы, Тереңөзек кентіндегі автомобиль жолдарын жөндеу мен абаттандыру, көшелерін жарықтандыру, кенттегі №35 орта мектеп пен А.Тоқмағанбетов ауылындағы білім ғимаратын жөндеу, №174 орта мектеп жанынан шағын орталық ашу мен Шіркейлі ауылындағы білім ордасын күрделі жөндеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. Осы арқылы ауданда 692 жаңа жұмыс орындары ашылып, өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне игі ықпал етті.