09:00, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Сырдария ауданында биылғы қыркүйек айына дейін аудан бюджетіне 2867,9 млн теңге қаржы түсті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Сырдария ауданында қыркүйектің 1-іне дейін нақтыланған жалпы түсімдер 2552,6 млн. теңге орнына 2867,9 млн. теңге болып, бұл жөніндегі жоспар 112,4 пайызға орындалды.
Ресми трансферттер 1624,0 млн. теңгеге толығымен орындалды.
Жалпы, 2010 жылы аудандық бюджет 2612,5 млн. теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде ауданның өз кірісі 863,9 млн. теңгеге теңесті. Есепті кезеңде аудан бюджеті 5 рет нақтыланып, кірістер бөлігі 3413,8 млн. теңгені құрады.
Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке барлығы 1604,9 млн. теңгенің қаржысы түсірілді, оның ішінде аудандық бюджеттің өзінен 1225,3 млн. теңгенің салықтары жиналды.