Сырдария ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендеді - Қызылорда

Жұмысқа орналасқандардың 148-і тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жан жұмыс істемейтін отбасыларынан 12 адам, жұмысқа жарамды 30 мүгедек еңбекке орналастырылды. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылы қоғамдық жұмыспен 700 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 23891,0 мың. теңге қаржы бөлінген. 2014 жылдың 1 қазанына 612 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 30618,5 мың теңге қаржы игерілді.
Ауданда бойынша 2014 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 660 жаңа жұмыс орындарын ашу белгіленген болса, 2014 жылдың 1 қазанына 771 жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы барысында бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен бөлінген қаржы көлемі - 163544,0 мың теңге болса, игерілген қаржы көлемі 165780,0 мың теңге, жұмысқа орналастырылған адам саны - 16.
Аудан бойынша есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 110 адам жоспарланып, қазіргі таңда 98 адам 18 мекемеге жұмысқа тартылды.
Жастар тәжірибесіне 2014 жылы 90 адам жоспарланып, қазіргі таңда 107 адам 53 мекемеге жұмысқа орналасты.