Сырдария ауданының Н.Ілия­сов ауылында жылыжай кешені іске қосылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 6-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Сырдария ауданының Н.Ілия­сов ауылында лизингілік тәсіл­мен жылыжай кешені іске қосылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аумағы 500 шаршы метр бола­тын жылыжайда көкөніс-бақша дақылдарын отырғызу қолға алынды. «Қызылордаагросервис» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған бұл игі шараға қазынадан 3 млн. теңге бөлінген. Жылыжайда әрбір жарты метр сайын 1000 түп көшет отырғызылған. Мұндағы қияр, пияз, қызанақ дақылдары тамшылатып суғару тәсілімен өсірілмек.

Соңғы жаңалықтар