Сырдарияға құйылатын суды азайтпаса, қауіпті жағдай туындауы ықтимал - Қызылорда облысы

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - - Наурыздың 1-нен бастап Сырдарияның бойымен Қызылорда облысына келетін судың көлемін азайту керек. Себебі ерімей қалған мұз кесектері біраз дамбаларды бұзып кетуі әбден мүмкін.
None
None

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, наурыздың 1-7-сі аралығында Қызылорда облысының оңтүстік аймақтарында күн жылиды. Бірақ Сырдарияның беті әлі қатып тұр. Мұз қалың. Оңтүстікте ол 40 см. болса, солтүстік аудандарда мұздың қалыңдығы 80-90 см. «Ал Арыс өзенінен келетін судың көлемі артып келеді. Сондықтан наурыздың 1-нен бастап облысқа келетін судың көлемін секундына 250 текше метрге азайту қажет», - дейді Б.Қуандықов.

Облыс әкімі атап көрсеткендей, 2005 жылы Арыс өзені Сырдарияға секундына 550 текше метр суды құйған кезде, апатты жағдай туындаған еді. «Қазір Арыстан секундына 100 текше метр су келіп тұр. Бірақ күн күрт жылып кетсе, бұл көрсеткіш бірден ұлғаюы мүмкін. Қазіргі кестеге сәйкес, облысқа Сырдария бойымен 300 текше метр суды жіберу ұсынылған. Оған Арыстың суын қоссақ, секундына 400 текше метр су келеді деген сөз. Сырдариядағы мұздың қалыңдығын ескерсек, бұл тым көп. Мұз еріп үлгермейді, ол жарылып, жолда тұрған кез келген дамбаны бұзып кете алады», - дейді Б.Қуандықов.

Соңғы жаңалықтар