Сырдарияның сол жағалауынан жабық стадион салынбақ - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кеше Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманмен кездесті.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде аймақтың жасөспірімдер және кәсіпқой футболын дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, басқосуда «Қайсар» футбол клубын Премьер-лигаға қайтару жайы айтылды.

Қазақстан Футбол федерациясының талабына сәйкес, 2014 жылғы чемпионат жаңа күз-көктем жүйесімен өткізіледі. Соған орай, Қызылордада Сырдарияның сол жағалауынан жаңа жабық стадион құрылысын салу жоспарланып отыр.

Облыс басшысы өз сөзінде «Қайсар» футбол клубы үшін қала орталығындағы № 10 қазақ-түрік лицейі ғимараты спорттық база ретінде берілетіндігін мәлімдеді. Осы лицей жанындағы тұрғын үй кешендері де футболшылардың қарауына өтеді.

Соңғы жаңалықтар