Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Нидерланды Корольдігіне барады - апталық брифинг

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Маусым айының 3-і мен 4-і аралығында Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Нидерланды Корольдігіне сапары өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, онда министр Нидерланды Корольдігінің Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Макси Верхагенмен және өзге де бірқатар министрлік басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ осы сапар барысында М.Тәжин Қазақстан мен Нидерланды арасындағы байланыстарды сөз етіп, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығына қатысты мәселелерді талқыламақ. Бұған қоса ол сыртқы істер саласына қатысты күн тәртібінде тұрған өзге де бірқатар мәселелерге байланысты нидерландтықтармен пікір алмасып қайтпақ.
Соңғы жаңалықтар
Референдум