Сыртқы істер министрлігі туризмнің орнықты дамуында маңызды рөл атқарады - Алматы қаласындағы өкілдік басшысы

АЛМАТЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сыртқы істер министрлігі саяси ведомстволардың қызметінде визалық саясатты жеңілдету арқылы туристер ағынын тартуда маңызды рөл атқарады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «ҚР 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласында туризм саласын дамыту» деп аталатын республикалық семинарда айтылды.

«Қазақстанның тәуелсіздік жылдары Алматы қаласы сыртқы саяси шараларды өткізу орнына айналды. Ірі халықаралық және аймақтық ұйымдардың кеңселерінің ашылуы оның Орталық Азиядағы халықаралық ынтымақтастық орталығы ретіндегі рөлінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мұның бәрі оңтүстік астанадағы туризм саласының дамуын белсендіруге ықпал етуде», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Бақыт Оспанов. Оның айтуынша, туристер үшін визалық кедергілерді жою бағытындағы жұмысқа әлемнің 60-тан астам еліндегі 60-қа жуық Елшілік пен 20-дан астам Консулдық мекемелер жұмылдырылған. Алматыда 18 бас консулдық пен 18 елшілік өкілдіктері, 26 халықаралық және аймақтық ұйым өкілдіктері жұмыс жасайды.

Бақыт Сағындықұлының сөзіне қарағанда, 56 елдің азаматтарына Қазақстан визасы жеңілдетілген үлгіде рәсімделеді. 2010 жылы Қазақстан 50 елмен дипломатиялық төлқұжатпен, 33 елмен қызметтік куәлікпен, 15 елмен ұлтық төлқұжатпен визалық режимсіз жүру туралы келісімге қол қойды. Қазіргі таңда ЕуроОдақ Қазақстанның визалық жүйе туралы ұсынысын қарап жатыр.

Соңғы жаңалықтар