Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі консультативтік кеңесінің мәжілісі өтуде
«ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан гуманитарлық өлшем аясындағы өз әлеуетін барынша пайдалануға және Ұйымның барлық үш өлшемін толық қамтуға талпынуда», - деп атап көрсетті Айрықша тапсырмалар жөніндегі елші, ЕҚЫҰ департаментінің директоры Сержан Әбдікәрімов жиналған қауымның алдында сөйлеген сөзінде.
Гуманитарлық өлшем мәселелері бойынша азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан көбірек назар аударылып отырғанын атап көрсеткен дипломат, себебі бұл мәселелердің қоғамдық өмірдің айрықша маңызды сипаттарына тікелей қатысты екенін атап көрсетті.
С.Әбдікәрімов сондай-ақ, мәжілістің күнтәртібінде ЕҚЫҰ-ның қазақстандық төрағалығының басымдықтарымен және гуманитарлық өлшемге қатысты жоспарланған шаралардың өткізілуімен байланысты мәселелерді талқылау күтіп тұрғанын айтып өтті.