14:27, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Сырым ауданында ғасыр жасаған аналарға құрмет көрсетілді - БҚО
ОРАЛ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сырым ауданында тұратын Қамеш Құрманәлиева 107, Рабиға Ысқаққызы 102 жасқа толды.
Оларды туған күндерімен Жымпиты ауылдық округінің әкімі Сәлімгерей Тәжібаев құттықтап, құрмет көрсетті. Бұл шараға жеке кәсіпкер Қуаныш Жаужиев демеушілік жасады.
Қазіргі кезде ғасырдан астам өмір сүрген Қамеш ұлы Ерболаттың, Рабиға Болаттың қолында, немере-шөберелерінің ортасында күн кешуде.
Сондай-ақ жаңажылдық мерекеге байланысты майдангерлер Уәлихан Қасмұқанов, Мырзахмет Өтешев, Латифулла Кереев Базарғали Ерекешевтерге де сый-сияпат жасалды.