17:56, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Сырым ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді
ОРАЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Аудан әкімінің орынбасары Жолдыбай Батырниязовтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аудан орталығы Жымпиты ауылындағы стелла қайтадан жаңартылып, жанындағы тақтатастарға Сырымнан Ұлы Отан соғысына қатысқан 4620 адамның аты-жөндері жазылды. Алдағы уақытта бұл тізім толықтырылатын болады.
Қазіргі кезде ауданда 11 майдангер бар. Соның біреуі, Аралтөбе ауылының тұрғыны Ләтифолла Кереевке аудан орталығынан үй берілді. Ал алғабастық Сапағали Хайруллин мен талдыбұлақтық Жұбан Досжанов алдағы маусым айында Орал қаласынан баспана алатын болады.