15:13, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Т.Болат келесі айналымда жапондық татами шеберімен белдеседі
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпидасында қазақ елінің намысын қорғаушы Тимур Болат 1/16 финалда жапондық дзюдошы Масаси Нисиямамен белдеседі.

Айта кетейік, 1/32 финалда біздің спортшы әлемдік рейтингте 16-шы орында тұрған мысырлық дзюдошы Хешам Месбахты иппон әдісімен таза жеңсе, оның қарсыласы қырғыз татами шебері Шыңғыс Мамедовтен басым түскен еді.