Т. Рысқұлов атындағы ҚЭУ университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойып, еуропалық білім кеңістігіне енді
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазЭУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлы Хартияның қатарына жаңа университеттердің ресми ену салтанаты қыркүйектің 15-17-сі күндері Италиядағы Болония университетінде болды. Мерекелі шара университеттердің Ұлы Хартиясының (Magna Charta Universitatum) 22 жылдығына арналған халықаралық конференция аясында өткізілді. Болония Хартиясына ҚазЭУ-нің атынан бірінші проректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Арыстанбаева қол қойды.
ҚазЭУ-нің еуропалық білім кеңістігіне енуі маңызды қадам болып саналады. Ондағы мақсат білім беруді әлемдік стандарттарға сәйкестеу, университетті әлемдік салалық бірлестіктермен әрі қарай интеграцияландыруды көздейді.
Университеттердің Ұлы Хартиясын 1988 жылы Болония қаласында Еуропа университеттері ректорлары қабылдаған болатын. Бұл маңызды құжатқа қол қоюшы университет өз автономияларын дамытуды, басқарудың демократиялық ұстанымдарын қалыптастыруды, студенттердің академиялық бостандығы мен ғылыми зерттеулер бостандығы және т.б. мәселелерді міндетіне алады.