Т. Валовая: ЕАЭО мен ШЫҰ-ға бірыңғай экономикалық кеңістік қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселесін пысықтауы қажет, деп санайды ЕЭК Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика министрі Татьяна Валовая.
None
None

«Ресей мен Қытай арасында «Жібек жолы» экономикалық жобасы және ЕАЭО құрылысының түйіндесуін зерделеу туралы меморандумға қол қойылды. Әңгіме жалпы экономикалық кеңістік құру тұжырымдамасына шығу жайында. Бұл Қытаймен ғана емес, осы жолдағы ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер немесе оған шектесіп жатқан Моңғолия сияқты елдер», - деп мәлімдеді Валовая Мехикода.

Қытайды Еуропа елдерімен біріктіретін ҚХР басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы ұсынған жаңа «Жібек жолын» құру идеясы Азиямен, Африкамен ынтымақтастықты нығайтады. Әңгіме жеңілдік жағдайында Шығыстан Батысқа тауарларды тікелей жеткізу үшін сауда дәлізін құру жайында болвп отыр.

Министр сондай-ақ ЕАЭО-ның Үндістанмен еркін сауда аймағын құру туралы мәселені пысықтай бастағандығын мәлім етті, деп хабарлады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар