Табиғи газ Атырау облысының ең шалғай ауданына жетті

АТЫРАУ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы 15 ауылға табиғи газ келді.
None
None

Бұл аудан облыс орталығынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан, аймақтағы табиғи газды пайдаланбайтындардың соңғы аймақ болды. 197 шақырымдық газ құбыры 20 мың адам тұратын 15 ауылдың үйлеріне газ жеткізуге мүмкіндік берді.

Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтың айтуынша, Қызылқоға ауданын газбен жабдықтауға 31 миллиард теңге жұмсалған. Оның бір бөлігі - бюджеттен, қалған бөлігі әлеуметтік әріптестік бағдарламасы аясында бөлінген ірі мұнай компанияларының қаражаты есебінен өтелді.

Соңғы жаңалықтар