Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Темірбек Махамбетов тағайындалды.
None
None

Ол 1968 жылы дүниеге келген. Ұлты - қазақ, жоғары білімді, 1990 жылы Түркменстан политехникалық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 1990 жылы Каспий өңірлік-құрылыс басқармасында шебер болып бастады.

1993 жылы ӨТБ-де инженер қызметін атқарды, Маңғыстау поселкелік советтің коммуналдық-шаруашылық бастығы, Маңғышлақ сумен жабдықтау және санитарлық-техникалық құрылғы дистанциясының бас инженері.

1995 - 1998 жылдары бас инженер, кейін Маңғыстау поселкесі әкімшілігінің коммуналдық- шаруашылық бөлімінде бастық.

2002-2006 жылдар аралығында Маңғыстау облысында әр түрлі мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқарды: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау, кіші және орта бизнесті қолдау агенттігінің аумақтық департаменті; облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй және жол құрылыс шаруашылық департаменті; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің аумақтық департаменті; облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық басқармасы.

2006 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар