Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облыстық департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ТАРАЗ. 13қазан. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығымен агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы болып Мүслім Жеңісұлы Қасымов тағайындалды.
None
None

М.Ж.Қасымов 1969 жылы туған, ұлты - қазақ, білім жоғары. 1993 жылы инжнер-құрылысшы мамандығы бойынша Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын аяқтады. 1997 жылы инженер-экономист мамандығы бойынша Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын тәмамдады.

Еңбек жолын «Снат» құрылыс-сауда фирмасында шебер қызметінен бастады. Тараз қалалық экономика басқармасында және Тараз қалалық әкімдігінің аппаратында түрлі лауазымдық қызметтер атқарды, сондай-ақ Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі болды.

2008-2011 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлімін басқарды. 2011 жылдың 9 наурызынан бастап ҚР ТМРА Жамбыл облыстық департаменті директорының орынбасары болып қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум