«Тағзым» алаңындағы жөндеу жұмыстарына 48 млн. теңге бөлінді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 69 жылдығы қарсаңында Қызылордада «Тағзым» алаңындағы «Өшпес даңқ» мемориалына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық бюджеттен 48 млн. 754 мың теңге қаражат бөлінген.
None
None

Қазір мемориалда күрделі жөндеу жұмыстары 60 пайызға атқарылды. Жұмыс мамыр айының алғашқы аптасына аяқталуы тиіс, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кеше Қызылорда қаласы аумағындағы басқа да нысандарды аралады. Алдымен ол Бөкейхан көшесінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейінгі М.Шоқай көшесіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстарымен «УАД» ЖШС айналысуда. Жолдың жалпы ұзындығы 1,7 шақырым, 4 жолақты. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы қарастырылып, шам бағаналары орнатылмақ. Қазіргі таңда Астана даңғылы мен С.Бейбарыс көшесі аралығына асфальт жабындылар төселіп жатыр.

Одан кейін аймақ басшысы қала әкімі аппараты мен қалалық мәслихат аппаратының басқа ғимаратқа көшуіне орай сол ғимаратқа орналастырылған қалалық жер қатынастары, қалалық сәулет және қала құрылысы және қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінде болды.

Ал келесі нысан - Әл-Фараби көшесін күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 913,5 млн. теңге бөлінген. Қазір Батырбаев көшесінің тұсына құм мен тас төселіп, жол деңгейін тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы тұста аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев тұрғындарды тазалық сақтауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум