Таиланд елордасында Астана мен Бангкок арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылу рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкокта Қазақстан мен Таиланд елордалары - Астана мен Бангкок арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылу рәсімі өтті.
None
None

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі мен «Эйр Астана» қазақстандық ұлттық әуетасымалдаушысы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Алматы-Бангкок бағыты бойынша күнделікті рейске қосымша ретінде қазақстандық әуетасымалдаушысы ағымдағы жылғы 15 желтоқсаннан бастап жаңа Астана - Бангкок бағытын ашады.

Ашылу рәсіміне Таиланд Корольдігі Туризм және спорт министрлігі, Таиланд Туризм агенттігі басшылығы, Бангкок әкімшілігінің өкілдері, 50-ден астам ірі тай туристік компаниялары мен жергілікті авиаагенттіктердің басшылары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаев Қазақстанның жетістіктері мен одан әрі дамуы келешегі, сонымен қатар Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды. Әсіресе, Президент аса көңіл бөліп отырған көліктік-логистикалық инфрақұрылым саласы және Елбасы атап өткен туризмнің дамуы маңыздылығы жайлы кеңінен айтылды.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат өз сөзінде тайлықтар үшін Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аясындағы жаңа инвестициялық және туристік мүмкіндіктерге айрықша көңіл бөлді.

Қонақтарының айтуы бойынша, туризм мен бизнесті байланыстыратын осындай іс-шаралар, тай халқы арасында географиялық танымды кеңейту мен саяхат үшін жаңа бағыттар, сонымен қатар, бизнес саласында серіктестік қарым-қатынасты қалыптастыруда үлкен ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар