«Талантты мұғалім - дарынды балаларға» атты V республикалық педагогикалық олимпиада аяқталды

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - «Балдырған» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» атты V республикалық педагогикалық олимпиада аяқталды. Оны Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
None
None

Талантты қатысушылар «жоғары сыныптықтар», «тағлымдама алушы-оқушы», «вожатыйлар», «колледждер оқушылары», «педагогкалық жоғары оқу орындарының студенттері», магистранттар мен аспиранттар», «психологтар», «жас мұғалім» атты жеті аталымда бағаланды. Қазылар алқасының мүшелігіне жоғары оқу орындарының, гуманитарлық колледждердің оқытушылары, мұғалімдер шақырылды. Жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапаттвалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар кәсіби педагогикалық білімнің және педагог мамандығының маңызын көтереді, неғұрлым талантты педагог мамандығына бейім жастарды анықтауға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар