10:10, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Талдықорғанда 60 пәтерлі үй пайдалануға беріледі
ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс орталығында жаңа он мың шаршы метр аумақты алатын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.

Бұл мақсаттар үшін бір миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Талдықорғандағы «Жаңа Қаратал» ауданы белсенді түрде салынып жатыр. Қыркүйектің алғашқы күндері бұл жерде қатарынан алпыс отбасы баспаналы болады. Үйлер білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері мен мемлекеттік қызметтегі адамдарға беріледі.