Талдықорғанда әскери қызметші өз-өзіне қол салды, денесінің жанынан өлер алдында жазылған хат табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Еліміздің күш құрылымдарында өз-өзіне қол салудың кезекті оқиғасы орын алды.
None
None

Дүйсенбі, 16 сәуір күні Жолда жүру ережелерін оқыту сыныбында ҚР ІІМ Ішкі әскері №5514 әскери бөлімшесі автотехникалық қамтамасыз ету взводының 32 жастағы нұсқаушысы, сержант Бауыржан Қарықбаев өзін атып өлтірді. Басына атылған оқ жарақаты бар мәйітті аталмыш бөлімшеде мерзімді қызметті өткеріп жүрген қатардағы сарбаз тапты.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, дәл тиген оқ Макаров тапаншасынан атылған. Мәйіттің жанынан өлер алдында жазылған хат табылды.

Әскери қызметшінің артында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қалды.

Соңғы жаңалықтар