Талдықорғанда дене шынықтыру сабақтары мұз айдындарында өтетін болады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қаласындағы жалпы білім беретін мекемелерде мұз айдындары құйылып жатыр.
None
None

Қала мектептерінің жанында 23 мұз алаңы жасалды, бұл жерлер балалар мен қыздардың қысқы демалыс кезіндегі белсенді демалыс орнына айналды.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, қаңтар және ақпанда ауа-райы қолайлы болған жағдайда мұз айдындарында дене шынықтыру сабақтары өтіп тұрады. Олардың барысында балалар мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорт-трек және басқа да қысқы спорт түрлерін үйренетін болады.

Соңғы жаңалықтар